Шығыс Қазақстандағы жазғы демалыс «Online-Каникул» форматында

/image/2020/07/29/crop-11_11_520x699_2.jpeg

Ағымдағы жылы қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыс оқушыларының жазғы демалысы «Online-Каникул» қашықтық форматында ұйымдастырылып, өткізілуде. Ғаламтор көмегімен балалар технологияларды меңгеріп, астрономияны игеріп, жаңа достар тауып жəне өздеріндегі жаңа таланттарды ашуда.

Балалардың демалысын ұйымдастырудың мұндай форматы республикамызда  көктемгі демалыс кезінде «Дарын достарын шақырады!» тақырыбымен жүргізілген болатын. 30 наурыз бен 3 сəуір аралығында облысымыздың ниет білдірген барлық оқушылары үшін виртуалды форматта өткізілді.

Ағымдағы жылдың 15 маусымында облыстың білім басқармасымен «@shko_online_kanikuly» Instagram аккаунты құрылды. ҚР Білім жəне ғылым Министрлігі бекіткен «Қазақстан балалары - жазды қуанышқа толтырайық!» қашықтық тақырыптық ауысымдары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, облыстағы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары да өз үлестерін қосты.

Қашықтық ауысымдар бағдарламасы күнделікті өткізілетін 4 бағыттан тұрады. Олар - таңғы жаттығу, шеберлік сағаттары, танымдық жəне зияткерлік сағаттар жəне кешкі іс-шаралар.

Балалар үшін ауқымды бағдарлама даярланды. Олар күнделікті интерактивті үйірмелерге, спорттық шараларға, онлайн-квесттерге, шеберлік сағаттарына, шығармашылық сайыстарға, викториналарға, виртуалды экскурсияларға қатысып, кітап оқып, виртуалды клубтарда кино көріп, онлайн театрлар мен концерттерге барады жəне видеочаттарда тəлімгерлермен сұхбаттасады. Онлайн форматқа қарамастан, лагерь атмосферасы сақталған, себебі қатысушылардың барлығы тапсырмаларды бірге орындайды.

Түстен кейінгі уақытта балаларға арналған танымдық сағат жүргізіледі, ол уақытта келесідей видеолар легі ұсынылады: ұлы ақын Абай Құнанбайұлының қара сөздері, «Қазақстанның жеті кереметі», «Бəйтерек туралы аңыз», «Əлемге танымал спортшылар» жəне басқалары.

Бос уақытты үйде өткізу - саяхаттау мен қызықтарға тең келмейтіні сөзсіз. Дегенмен, онлайн-ауысымдар - тек қашықтық форматымен ерекшеленетін жаңа таныстықтарға, достарға, білімге, тартыстарға, қызықтарға толы. Ата-аналар үшін де бұл балаларының уақыты тиімді өтетіндігінің кепілі. Сонымен қатар, мұндай формат балалар мен ата-аналар арасында жəне ҚР БҒМ-де оң бағасын алды.

Қашықтық форматындағы «Online-Каникул» 2020 жылдың 30 тамызына дейін өткізіледі. Оқу жылының басталуына қарай қорытындылар жасалып, белсенді қатысқан оқушылар грамоталармен жəне естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.

ШҚО ақпарат агенттігі

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар